Милад Каримидің бапкері шәкіртінің жетістігіне жоғары баға берді
Милад Каримидің бапкері шәкіртінің жетістігіне жоғары баға берді
Фото: tengrinews.kz
129
оқылды
Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан Қазақстан намысын қорғаған Милад Карими үш финалда сынға түсті. Ол көпсайыстан - 14, еркін жаттығудан - 5, гимнастикалық кермедегі жаттығудан 8-ші орын иеленді. Бас бапкер Александр Кимнің пікірінше, бұл - отандық гимнастика үшін үлкен көрсеткіш.
«Милад Каримидің Токиодағы нәтижесін жоғары бағалаймын. Себебі, қазақстандық гимнастар 2004 жылғы Афины Олимпиадасынан бері финалға шықпаған. Грекия жеріндегі жарыста Ернар Ерімбетов екі финалда бақ сынап, көпсайыстан - 13, қоссырықтағы жаттығудан 7-ші орын алған болатын.  Міне, араға жылдар салып Милад Карими үш финалда өнер көрсетті. Ол іріктеу кезеңдерінде гимнастикалық керме мен еркін жаттығудан жоғары нәтиже көрсетті. Айта кету керек, кермедегі жаттығудан финалдық кезеңге екі бірдей Олимпиада чемпионы өткен жоқ. Олар нидерландтық Эпке Зондерланд пен жапониялық Кохе Ичимура. Сондай-ақ, осы жаттығу бойынша 2019 жылғы әлем чемпионы, бразилиялық Артур Мариано да финалдан сырт қалды. Сондықтан, Миладтың кермедегі жаттығудан финалға өткенінің өзі біз үшін үлкен жетістік», - дейді бас бапкер.