Токиодан еліне қайтпаған Беларусь спортшысы Варшаваға жетті
Токиодан еліне қайтпаған Беларусь спортшысы Варшаваға жетті
Фото: naviny.online
147
оқылды

Спортшы басының қауіпсіздігі үшін Токиодан Варшаваға Австрия арқылы келді. Тимановскаяға Польша билігі гуманитарлық виза рәсімдеді.

Мұндай мүмкіндік атлеттің Беларусьтен бас сауғалап келген күйеуіне де беріледі. Бұған дейін спортшы Беларусь құрамасының басшылығын әлеуметтік желіде сынаған болатын. Себебі, бапкерлері оны дайындалған 200 метрге емес, 400 метр қашықтыққа жүгіру жарысына алдын ала келіспестен ауыстырып жіберген.

Беларусь Ұлттық олимпиада комитеті осыдан кейін атлетті эмоциялық-психологиялық жағдайына байланысты деп елге күштеп қайтармақ болды. Бірақ Тимановская Минскіге оралудан бас тартып, Жапония полициясы мен Халықаралық Олимпиада комитетінен араша сұрады.