Токио Олимпиадасында Данияр Қайсанов ширек финалға өтті

Токио Олимпиадасында Данияр Қайсанов ширек финалға өтті

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 1/8 финалда жапониялық Отогуро Кейсукемен кездесті.

Тартысты белдесу қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың жеңісімен аяқталды. Олимпиада ойындарының ширек финалында Данияр Қайсанов египеттік Амр Реда Хуссенмен кездеседі.

Бұған дейін екі балуан жеңіліп қалған болатын.