Сот карантинде той өткен 19 мейрамхананың жұмысын тоқтатты

Сот карантинде той өткен 19 мейрамхананың жұмысын тоқтатты

Шымкент қаласында коронавирустың өршуіне қарамастан, тойханалар жасырын жұмыс істеп жатыр.

Осыған байланысты мобильдік топтардың жұмысы күшейтіліп, қазіргі уақытта қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ қадағалайды.

Жыл басынан бері мобильді топ ҚР ӘҚБтК-нің 425-бап бойынша барлығы 2 076 деректі анықталды. Іс құжаттары Санитарлық-эпидемиологиялық департаментіне жолданды. Оның ішінде, той немесе басқа да жиын өткізген 287 жайт анықталды.

Рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында бірнеше рет карантин талаптарын бұзған 19 нысан (тойхана, мейрамхана, кафелер) анықталып, сот арқылы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес айыппұл салынып, қызметі бір айға тоқтатылған.