Токио – 2020: Дархан Асаділов екінші жекпе-жекте де жеңіске жетті
Токио – 2020: Дархан Асаділов екінші жекпе-жекте де жеңіске жетті
Фото: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
167
оқылды

Олимпиада бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрінен тұңғыш жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Бүгін 67 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов сынға түсіп жатыр, – деп хабарлады Olympic.kz. 

Жарыс ережесі бойынша спортшылар А және В тобына бөлінген. Әр топтағы бес спортшы бір-бірімен өзара кездесулер өткізіп, ең көп ұпай жинаған екі каратэші жартылай финалға жолдама алады. Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті. Әзірге, Дархан Асаділов өз тобында 4 ұпай жинап, көшбасында келеді. Айта кетелік, каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды.