Дархан Асәділов Токио Олимпиадасында жартылай финалға шықты
Дархан Асәділов Токио Олимпиадасында жартылай финалға шықты
Фото: Владислав Семенов / olympic.kz
150
оқылды

А тобында өнер көрсеткен каратэші үшінші қарсыласы жапон Саго Наотоны 3:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды.

Ол бұған дейін екі жекпе-жекте де жеңіске жетті. Жарыс ережесі бойынша спортшылар А және В тобына бөлінген. Әр топтағы бес спортшы бір-бірімен өзара кездесулер өткізіп, ең көп ұпай жинаған екі каратэші жартылай финалға жолдама алады. Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті. Әзірге, Дархан Асаділов өз тобында 4 ұпай жинап, көшбасында келеді. Айта кетелік, каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды.