Астанада жол апатынан екі бала көз жұмды
Астанада жол апатынан екі бала көз жұмды
Фото: ruadvocate.ru
108
оқылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Елордада 4 тамыз күні сағат 22:30-да Howo маркалы автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Қорғалжын тасжолы жағынан айналма жолмен келе жатып, Тілендиев даңғылына қарай жол бойында тұрған Steyr маркалы жүк көлігін қағып кеткен. Сол сәтте Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Howo көлігімен соқтығысады. Жол апаты салдарынан оқиға орнында Howo автокөлігінің 11 және 7 жастағы екі бала көз жұмды. Howo және Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.