Каратэден Қазақстан командасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады, деп жазады Olympic.kz. Мөлдір В тобында сынға түсіп, екі кездесуде жеңілді, бір кездесуде тең түсті. Ал бір жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. Атап айтар болсақ, ол египеттік Радва Сайедті ұтып, украиналық Анжелика Терлюгамен 4:4 есебімен тең түсті. Ал австриялық Беттина Планк пен жапониялық Михо Мияхараны ұту мүмкін болмады. Ол өз тобында 3 ұпаймен төртінші орында қалды. Ал келесі кезеңге тек екі спортшы жолдама алады.