Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары карантин кезінде кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданбағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен ақша алған. Әкімдік қызметкерлері қалалық № 2 сотының үкімімен сотталды:
- Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.К.Ізбасаров (ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы 2-тармағы) мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 млн. теңге сомасында айыппұлға;
- Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы А.А.Сүйінбеков (ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы 2-тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1,5 млн. теңге айыппұлға;
- KIDS Park балалар ойын-сауық орталығының әкімшісі Б.М. Шілдебаева (ҚК-нің 367-бабы 2-бөлігі) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 млн. теңге айыппұлға.