«Сәкен таза жеңді» – Серік Сәпиев
«Сәкен таза жеңді» – Серік Сәпиев
Фото: inbusiness.kz
228
оқылды
2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері Серік Сәпиев 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жартылай финалындағы қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі туралы айтты.
«Бірінші раундтағы нокдаун болған эпизодқа келетін болсақ, менің ойымша, негізі олай болған жоқ. Нокдаун адам теңселіп, өзін жоғалтып алғанда болады. Сәкен жай соққы жіберіп алған кезде, судья бірден есеп ашты. ...Бірінші раундтың екінші жартысын өте жақсы өткізді, бірақ төрешілер шешімді оның пайдасына қабылдаған жоқ. Барлығы нокдаунға байланысты қарсыластың пайдасына 10:9 ұпай қойды. Менің ойымша, екінші раундта Сәкен таза жеңді. Мен екінші раундты ұлыбританиялық боксшының пайдасына шешкен  Марокко мен Кореяның төрешілерін түсінбеймін. Шынымды айтсам, біржақты көзқарас көрініп тұр. Үшінші раундта Сәкен жеңіске жетті, бірақ төрешілердің шешімі бойынша ол 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Осы Олимпиада ойындарындағы боксты Халықаралық олимпиада комитеті ұйымдастырады, АИБА-ның қатысуынсыз. Мен төрешілердің шешімін түсінбедім, шынымды айтсам. Сәкен жеңді деп есептеймін. Ол – батыр! Жарайсың! Ол бар күшін салды. Біз оның соңына дейін барғанын көрдік. Ал төрешілер оның қалай ұрғанын көрді, талабы зор екенін көрді. Төрешілер байқауы тиіс негізгі факторлар бар. Боксшының ынта-жігері, нәтиже. Сәкен осыларды үшінші раундта көрсетті. Бірақ, неге екені белгісіз, олар өздерінше шешім қабылдады. Сәкенді қолдаймын, жарайсың! – деді Сәпиев Sports.kz-ке берген сұхбатында.