Токио Олимпиадасы: Қазақстан медальдар кестесінде төмен сырғыды
Токио Олимпиадасы: Қазақстан медальдар кестесінде төмен сырғыды
Фото :sports.kz
Бүгін қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында үш «қола» жеңіп алса да, медальдар кестесінде төмен сырғыды. Олимпиада ойындарының он бесінші күні Қазақстан 7 қола медальмен жүлделер кестесінде 76-орынға төмендеді. Бұрынғыша Қытай (34-24-46) көш бастап тұр, екінші орында – АҚШ (29-34-27), үшінші орында – Жапония (22-10-14). Өзбекстан құрамасы (2-0-1) 32-орынға жайғасқан. Украина (1-3-9) 36, Беларусь (1-1-1) 49, Эстония мен Латвия (1-0-1) 56, Армения мен Қырғызстан (0-2-1) 66, Түрікменстан (0-1-0) 73 және Әзірбайжан (0-0-3) 77-ші орынға жайғасқан. 5 тамыздың үздік ондығы: 1. Қытай — 34-24-16 2. АҚШ — 29-35-27 3. Жапония — 22-10-14 4. Аустралия — 17-5-18 5. Ресей — 16-22-20 6. Ұлыбритания — 16-18-17 7. Германия — 9-9-16 8. Италия — 7-10-18 9. Франция — 7-10-9 1 0. Нидерланды — 7-9-10 76. Қазақстан — 0-0-7.