«Қызылдар» қоғамдық орындарға жиі барады

«Қызылдар» қоғамдық орындарға жиі барады

Коронавирус жұқтырғандар халық көп жиналатын жерлерге еніп кетуге тырысады, оларды Ashyq тоқтатқан. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның мәліметінше, «қызыл» мәртебесі бар карантиндегілердің қоғамдық орындарға кіруге талаптану саны рекордтық межеге жетіп, тәулігіне шамамен 2 мыңға дейін өскен.

Ұлттық палата өкілі Ashyq бағ­дар­ламасына қосылған бизнес нысандарының саны 4 есе артып, 88 570-ті құрағанын хабарлады. Каран­тинде оқшаулану талап­тарын бұзушылардың көптеп та­былуына да бағдарлама қатысу­шы­лары қатарының кеңеюі ықпал етсе керек. «Ірі сауда нысандары бағдар­ламаға неғұрлым көп қосылған сайын бұзушыларды әшкерелеу саны да соғұрлым өскен. Бір ай ішінде «қызыл» мәртебесі бар­лардың карантин талаптарын бұзу саны күніне 184-тен 1 916-ға дейін ұлғайды», – деді Юлия Якупбаева. Оның мәліметінше, бұған дейін жоба негізінен қоғамдық тамақтандыру  орындарын қамтыса, енді сауда кәсіп­орындарының үлесі артқан. 700-ден астам ірі сауда орны мен жа­бық базар Ashyq қатысушысы атанды. «Егер әрбір сауда ойын-сауық орталығында орта есеппен 300 арендатор бар десек, әрине одан екі есе көп болуы да мүмкін, онда жоба 200 мыңнан астам сауда объектісін қамтып отыр деуге бо­лады», – деді ұлттық палата басшысының орынбасары.

А.ШӘРІП