EXPO қалашығындағы ерекше көрме
EXPO қалашығындағы ерекше көрме

EXPO іскерлік орталығы­ның аумағына келушілерге  кескіндеме өнерінің ерекше туындылары қойылған. Қыр­күйекке дейін  жоспарланған кешенді көрмені  QazExpoCongress  ұлттық компаниясы  АҚ пен Еуразия­лық мәдени альянсы Тәуел­сіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырған.

EXPO қалашығына бара қалсаңыз,  дөңгелек қиқым­дарынан кескінделген қасқыр, темірден «қашалған» алып ер-тұрман, декоративті  бетоннан құйылған пернетақта наза­рыңызды аудармай қоймайды. Мұнда отандық және шетелдік суретші, иллюстраторлардың туындылары қойылған. Арасында  әйгілі суретші Мұрат Ділмановтың «Энергетикалық буйволдары», Арыстанбек Шалбаевтың «Ма­хамбеті», Саид Атабековтің «Ер-тұрманы» бар. көрме. Ерекше туындылар қойылған көрменің ресми атауы – «Зат­тардың өмірі».  Ал бұл көрме аяқ­талғаннан кейін  аумақта  Әбілхан Қастеев атындағы музей қазақ­стан­дық суретшілердің 1940 жыл­дан қазірге дейін салған туын­дыларын көрмеге әкеледі.  QazExpoCongress  ұлттық компаниясы  өкілінің айтуынша, фотокөрме тақырыбы үнемі өзгеріп отырады. Ал демалыс күндері балаларға арналған түрлі интерактивті іс-шара өтеді. Іс-шараның бәрі  ашық аспан астында өтетінімен қолайлы.  

 А.ЖОЛДАС