EXPO іскерлік орталығының аумағына келушілерге кескіндеме өнерінің ерекше туындылары қойылған. Қыркүйекке дейін жоспарланған кешенді көрмені QazExpoCongress ұлттық компаниясы АҚ пен Еуразиялық мәдени альянсы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырған.
EXPO қалашығына бара қалсаңыз, дөңгелек қиқымдарынан кескінделген қасқыр, темірден «қашалған» алып ер-тұрман, декоративті бетоннан құйылған пернетақта назарыңызды аудармай қоймайды. Мұнда отандық және шетелдік суретші, иллюстраторлардың туындылары қойылған. Арасында әйгілі суретші Мұрат Ділмановтың «Энергетикалық буйволдары», Арыстанбек Шалбаевтың «Махамбеті», Саид Атабековтің «Ер-тұрманы» бар.А.ЖОЛДАС