Көрмесең сенбейсің, антиваксер, неге келмейсің?
Көрмесең сенбейсің, антиваксер, неге келмейсің?
125
оқылды

Қарағанды облысы «қы­­зыл аймақта». Сонда да той тойлаған халық. Ан­тиваксерлер де тыйы­лар емес. Әлеуметтік же­ліде жал­ған ақпарат та­рат­қандардың саны көп. Өз көзімізбен көрмей сен­бейтін халықпыз. Сондық­тан жұрт білсін деп бір топ журналист Қарағанды қа­ласындағы Мақа­жанов атын­дағы клиникаға ба­рып, жағдаймен танысып қайт­тық. Ал арнайы жағ­дай­ды көрсін деп шақы­рыл­ған, жалған ақпарат та­ра­тушы – вакцинаға қар­­сы­лар төбе көрсетпеді.

Бүгінде бұл жер коронави­руспен ауырғандарды емдеп, ортаға қосып жатқан госпиталь. Бізді күтіп алған Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау бас­қармасының бастығы Гамаль Тоқсамбаев: – Қарағанды облысында коронавирус жағдайы тұрақсыз. Өйткені күннен-күнге сырқат­тар­дың саны артып келеді. Ауыр хал­де госпитальдарға түсіп жат­қан науқастар да бар. Былтырғы ко­ронавирус пандемиясының бі­рінші, кейінгі екінші толқы­ны­нан алған тәжірибемізді салып жа­тырмыз. Облыс аумағында қазір дельта штамымен ауырып жат­қандар көп. COVID-19 пан­демия­сымен ауырғандарды ор­налас­тыру, емдеу үшін бір жарым жыл бұрын осы Мақажанов атында­ғы клиниканы арнайы госпиталь ретінде қайта құрдық. Мұнда ауыр науқастар жат­қан жансақтау бөлмесінде 24, профильдік сауы­ғып қалған нау­қастарға арналған 120 төсек-орын бар. Бұл госпи­таль­ға басқа қалалар мен аудан­дардан нау­қастар жеткізіледі. Өйт­кені бұл бірінші деңгейлі госпиталь, – деді. Өз көзімізбен көргендей, жан­сақтау бөлмелері толықтай жа­рықтандырылған, арнайы қор­ғаныш құралдарымен 100 пайыз жабдықталған. Мұнда қазір жеке қорғаныш заттарының үш-төрт айлық қоры бар. Бір жа­рым жыл бойы жұмыс істеп жат­қан меди­цина қызметкерлері де тәжірибелі. Барлық арнайы құ­рыл­ған меке­мелерде осындай жағдай жасалған. – «Дельта» штамының жайы­луы салдарынан ең ауыр жағ­дай­лар да тіркелді. Жаңа ғана көріп шыққан нау­қас­тардың арасында вакцина алған­дар жоқ. Ал жалпы вакцина ал­ған­дар арасында ковидпен ауыр­ған­дар бар, бірақ олар ауру­ды жеңіл өткізеді. Әрі олар амбу­латориялық емдеуде болады. Мұнда ауыр жағ­дайда түскен­дердің барлығы вакцина алма­ғандар. Қарағанды облысы­ның жұртшылығын вак­цина алуға ша­қырамын. Өйткені вакцина – вируспен күрестің жалғыз жолы. Ертерек вакцина алсақ, панде­мия өршімес еді. аурухана Осында журналистер мен қа­тар антиваксерлерді де шақыр­дық. Әлеуметтік желіде ғана «ба­тыр» вакцинаға қарсылар да нау­қастарды, осындағы маңдай тер төгіп, жұмыс істеп жүрген қызмет­керлерді көрсін дедік. Алайда бір­де-біреуі келмеді. Халықтан тек бі­лікті де білімді мамандардың айт­­қанына құлақ асуды сұраймын, – дейді облыс­тың бас дәрігері. Расында, есігін ашып кірген­нен басталған тазалыққа шық­қан­ша тәнті болдық. Осындағы дәрі­герлер мен қызметкерлер 7-8 сағат киіп жүретін қорғаныш киім­дерімен 1-2 сағат жүргенде по­ра-пора терге түсіп, еңбек­те­рі­нің адал екеніне кәміл сендік. Ауыр хал­де жатқан науқастардың қи­налғанын көрдік. Сауығып, шық­­қалы жатқандардың дәрі­­герлер­ге айтқан алғысына сүй­сін­дік. Ал антиваксерлер неге келмеді? Сонымен бірге коронавирус инфекциясын жұқтырып, ем алып, бір-екі күнде клиникадан шық­қалы жатқан бірнеше аза­матты сөзге тарттық.   Әсел РАХМАНОВА:

«Вирус барына сенбедім...»

– Бұл ауруханаға 29 шілде күні түстім. Дене қызуым көте­ріліп, жөтел қысып, бойымда әлсіздік пайда болды. Мобильді топ осын­да алып келіп, КТ-ға тү­сірді. Екі­жақты пневномия де­ген диагноз қойды. Мақажанов атындағы ау­руханада бәрі жақ­сы, ем алдым, тамақтары да уа­қытымен. Екпені, системаны мезгілімен қабылда­дық. Шын­дығын айтсам, бұған дейін ко­ронавирус инфекциясы бар де­генге сенбеген адамның бірімін. «Дәм сезбеу, иіс сезбеу» дегенді айтқан кезде таңғалып, бір түрлі қарайтынмын. «Мынау не айтып отыр?» деп. Вакцина да ал­ған жоқ­пын. Өйткені оған да сен­бе­дім. Басыма түскенде ғана көзім жетті. Рас, пандемия бар екен. Дә­рігерлер көмегінсіз ол аурумен күресу мүмкін емес. Айтты ма, ауруханаға жату керек. Үйге шық­қаннан кейін әрі қарай дәру­мендер ішіп иммунитетімді кө­теремін. Өз-өздеріңізді күтіңіз­дер. Барлық­тарыңызды вакцина алуға ша­қырамын... Тамара СУШКО:

«Вакцина алғандар жеңіл өткізеді»

– Өз басымнан мұндай жағ­дай өтеді дегенді ойламаппын да. Та­ма­ғым ауырды, шайып жүрдім. Ем­ханаға ПТР-тест тапсырдым. Оң нәтиже көрсетті. Жеті күн үй­де ем алдым. Дене қызуым түс­пеген соң арнайы мобильді топ­ты жібер­ді. Алдында КТ-ға тү­сір­генде таза болған. Қайталап тү­сір­генде өк­пем­нің 40 пайызы за­қымданғаны белгілі болды. Дене қызуым 38-ге көтеріліп кет­ті. Со­сын осында жат­қызды. Дә­рігер­лерге айтар алғы­сым шек­сіз. Бізге аянбай қызмет көр­сетті. Жа­саған еңбектері шек­сіз. Ар­найы киіммен жүрсе де, біз­­дің ба­бымызды табуға тырысты. Осы­ның арқасында аяғымнан тұр­ғыз­ды. Бүгін дәрігер менің өкпем­нің тазарғанын айтты. Сіз­дерден сұрайтыным, вакцина алыңыздар. Вакцина алғандар ж­е­ңіл өткізеді. Қызым да бір ауы­рып тұрды. Ол вакцина алған бо­латын. Соның арқасында үйде карантинде болып жеңіл өткізді. Максим НОВИКОВ:

«Талаптарды сақтайық...»

– Шілденің 27-сі күні түстім. Қы­зуым көтеріліп түспей қойды. Ба­сым ауыра берді. Ештеңе де көмек­теспей қойды. Вакцина да алған жоқ едім. Өйткені сенбей жүрдім. Осында түскеннен кейін ғана вирус барына сендім ғой. Бүкіл тексе­ріс­тен өткенде 34 па­йыз өкпемнің қарайғаны белгілі болды. Бастапқы кезде ауыр бол­ды. Аппаратқа та­ңыл­дым. Демалу да қиын еді. Біраз уа­қыт өтті ғой, қазір жақсы дема­ламын. Өзімді жақсы сезінемін. Ал бұл вирустың тарағанына бір жарым жылдай уақыт өтсе де, адамдар арасында сенімсіздік бар. Өзі көрмей, ауырмай оларға түсіндіру де қиын. Шынында да, бұл қатты ауру. Сақ болған абзал дегім келеді. Вакцина алған да дұ­рыс. Барлық талапты орында­уымыз керек. Бетперде тағып, той дегенді ұмытуымыз керек әзірге. Бұл вирусты қай жерде жұқтырып алғаныңды білмей қаласың...

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы