COVID-19: Қазақстанда 1 облыс қана "жасылда", қалған барлық өңір «қызыл» аймақта
COVID-19: Қазақстанда 1 облыс қана "жасылда", қалған барлық өңір «қызыл» аймақта
Фото: turkistannews.kz
121
оқылды
Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасында эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 6 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. Түркістан облысы «жасыл» аймақта.