Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мекемесі (бұдан әрі – мекеме) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің «Түркістан қаласында университет қалашығының аумағындағы белгіленген жерде бірегей үлгідегі 1500 орындық жатақханалар салу және оны пайдалануға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі – Жоба) бастамашылық еткені туралы хабарлайды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік түрі: Жобаны жекеше әріптес қаражаты есебінен МЖӘ объектісін салуды, құрылыс біткен соң МЖӘ объектісін мекеменің меншігіне өткізуді жоспарлайды. Бюджеттен сұралатын төлемдер мен мемлекеттік қолдау шаралары: Инвестициялық шығындарды өтеу, операциялық шығындарды өтеу. Жобаның негізгі технико-экономикалық параметрлері: Жоспарланған құрылыс мерзімі – 2021-2023 жылдар. Объект ауданы: 28750,32 ш.м. «ҮТЖҒЗИ (Тұрғын үй институты)» ЖШС, Каз НИИСА «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ жасаған 5-7-9 қабатты бірегей үлгідегі 500 орындық жатақханалардың және «Казахстанская Архитектурно-Строительная Компания» ЖШС дайындап, оң сараптама қорытындысы алынған 5 қабатты, әрқайсысы 500 орындық 3 жатақхананың жұмыс жобалары негізінде. Жоба қуаттылығы: 1500 орындық студенттер мен магистранттар және докторанттар жататын жатақханалар. Техникалық күрделі және бірегей жобаларға жатады. Жобаның мақсаты мен міндеттері: Жобаның мақсаты Түркістан қаласындағы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері мен магистранттары және докторанттары үшін заманауи үлгідегі 1500 орындық жатақханалар тұрғызу. Студенттер мен магистранттардың және докторанттардың білім алуына және тұрмыстық жағдайын жақсартып ыңғайлы демалуына ықпал ету. Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілік: Жобаны іске асыру мынадай стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген: 1.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бабы 2-2 тармағы, Білім және ғылым министрлігінің 18.09.2018 жылғы №464 бұйрығы және осы бұйрыққа 21.12.2018 жылғы №700, 10.01.2020 жылғы №17 бұйрықтармен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Баламалы өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі: Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қабылданады. Баламалы ұсыныстар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында айқындалған әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс, баламалы ұсыныстар құжаттарының пакеті Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 135-тармағына сәйкес құжаттарды қамтуы тиіс және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі тиіс. Байланыстар: Альтернативті ұсыныстар жазбаша түрде келесі мекенжай бойынша тапсырылады: Қазақстан Республикасы,161200 Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, 2-қабат 208-кабинет, 8-(72533)-6-38-48, 8-(72533) 6-36-08, Fax: 8-(72533)-6-38-49, e-mail: info@ayu.edu.kz Байланысатын тұлғаның аты жөні: Батырбаев Нұрлан Мұхтарұлы, эл.пошта: nurlan_1974@mail.ru