Қызылордадағы тергеу изоляторына палауға жасырып телефон өткізбек болғандар ұсталды.
4 тамыз күні Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер тағы да тыйым салынған затты тауып, тәркіледі, – деп жазады ҚазАқпарат.
Мекеме қамауындағы сотталғанға келген азаматша IRBIS маркалы телефоны, қуаттағыш құрылғысын және SIM картаны полиэтилен пакетке орап, палау мен салаттың ішіне жасырып өткізбек болған.
Фото: inform.kz