Токио-2020: Әлішер Ерғали ширек финалда қарсыласына жол берді

Токио-2020: Әлішер Ерғали ширек финалда қарсыласына жол берді

Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Олимпиада ойындарын ширек финалда аяқтады, – деп хабарлайды Olympic.kz. 97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жартылай финалдық жолдаманы түркиялық Сулейман Караденизбен сарапқа салды. Тартысты белдесу 8:7 есебімен түркиялық балуанның еншісіне шешілді.