Қазақстандық клуб Мессиге ұсыныс жасады

Қазақстандық клуб Мессиге ұсыныс жасады

Қазақстан Премьер Лигасында өнер көрсетіп жатқан түркістандық «Тұран» клубы аргентинаның сұрмергені Леонель Мессиге ұсыныс жасады. Бұл туралы клуб өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«@leomessi сізді Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға шақырамыз!» деп жазды «Тұран» футбол клубының ресми аккаунты. Сондай-ақ клуб аккаунты команданың жейдесін киген Мессидің түрі бейнеленген коллажды да жариялады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ФК ТҰРАН | FC TURAN ?⚪️ (@fc_turan.kz)

Кеше «Барселона» клубы Лионель Мессиді каталондықтардың сапынан кеткені туралы хабарлаған. Әзірге Мессидің қай клубта өнер көрсететіні белгісіз. Еуропалық басылымдардың біразы әлем жұлдызын «ПСЖ» немесе «Манчестер Ситиге» ауысады деп болжауда. Лионель Месси «Барселона» клубымен Испания біріншілігінде 17 маусым өткізген. 6 рет «Алтын допты» иеленген Месси биыл тұңғыш рет Аргентина ұлттық құрамасы сапында Оңтүстік Америка чемпионы атанды.