Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында еркін күрестен жұбаныш белдесуіне қатысады

Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында еркін күрестен жұбаныш белдесуіне қатысады

Еркін күрестен 65 келіде бақ сынаған Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында жұбаныш белдесуіне қатысады, — деп хабарлайды Olympic.kz. Дәулет жартылай финалда әзербайжандық Гаджи Әлиевке 1:9 есебімен жол берген болатын. Әлиев өз кезегінде турнирдің финалына жолдама алып, үндістандық Баджранг Баджрангты 12:5 есебімен ұтты. Осылайша, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алып отыр.