Токио Олимпиадасы: Данияр Қайсанов өзбекстандық палуаннан жеңіліп, "қоладан" қағылды

Токио Олимпиадасы: Данияр Қайсанов өзбекстандық палуаннан жеңіліп, "қоладан" қағылды

Токио Олимпиадасында қазақстандық палуан Данияр Қайсанов қола медаль үшін күресте өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновтан жеңілді.

74 келіге дейінгі салмақтағы күресте Данияр Қайсановтан өзбекстандық палуан 13:2 есебімен басым түсіп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Айта кетейік, финал жолдамасы үшін таласта Қайсанов екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Судаковтен жеңілді. Судаков 11:0 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың финалына өткен еді.