Токио-2020: Нұрқанат Әжіқанов финалға өте алмады
Токио-2020: Нұрқанат Әжіқанов финалға өте алмады
ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
122
оқылды
Токио Олимпиадасында каратэден ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта іріктеу кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов өз тобынан шыға алмады, – деп жазады Olympic.kz.  Нұрқанат өз тобында Австралия, Италия спортшыларын жеңіп, Германия және Әзербайжан каратэшілеріне есе жіберді. Нәтижесінде, өз тобында төртінші орын алып, жартылай финалға өте алған жоқ. Нұрқанат Әжіқанов сынға түскен В тобында әзербайжандық Рафаэль Агаев пен италиялық Луиджи Буса жартылай финалға жолдама алды. Бұл 20 жастағы қазақстандық спортшы үшін жаман нәтиже емес. Ол өз тобында екі дүркін әлем чемпионы Луиджи Бусаны ұтып, әлемге әйгілі Рафаель Агаевтан бір ұпай айырмасымен ғана жеңілді. ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК