Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Атырау облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен Жылыой ауданының ішкі істер бөлімінің екі қызметкері құқық қорғау органынан шығарылды.
- Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Жылыой АІІБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты И. Керешов құқық қорғау органынан шығарылды;
- Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Жылыой АІІБ жедел уәкілі полиция капитаны А. Алшынов құқық қорғау органынан шығарылды;
- Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысына тиісті ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін Жылыой АІІБ криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ж. Таумұрынов атқарып жүрген қызметінен босатылды;
- Жылыой АІІБ бастығы полиция полковнигі Е. Досмағұлов қарамағындағылардың жұмысына тиісті ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды;
- Жылыой АІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Д. Бимуханов қарамағындағылардың жұмысын тиісті ведомстволық бақылау жасамағаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.