Алматыда "қызыл" статусы бар ереже бұзушылар тізімі жарияланды
Алматыда "қызыл" статусы бар ереже бұзушылар тізімі жарияланды
Фото: gov.kz
118
оқылды
Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кейінгі аптада "қызыл" статусы бола тұра карантинді бұзғандардың жаңа тізімін жариялады. Бұл жолы 14 күндік үй карантинін бұзғаны Ashyq қосымшасы арқылы анықталған тұрғындарға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған (шамамен 87 мың теңге - ескерт.). Оның ішінде екі тұрғын екі рет қайталап ереже бұзған. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басшысының орынбасары тізімге негізінен студенттер, білім беру, медицина, банк секторы, өнеркәсіптік кәсіпорындар, сауда және кеңсе қызметкерлері кіргенін айтты. Олар көбінесе мейрамхана, кафе, фитнес-орталығы, базар, әуежай, университет, сауда нысанына кіруге тырысқан.
"Тек Жасыл базардың өзінде шілдеден бастап "қызыл" статусы бар, яғни ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 31 тұрғын анықталған", - деді Байғабылов.
Тұрғындар көбінесе Бостандық және Медеу аудандарында ереже бұзғаны тіркелді. Айта кетейік, өткен аптада 59 "қызыл" статусы бар ереже бұзушы анықталған болатын.