Алты мәрте "Алтын доп" иегері жаңа клубқа қатысты өз таңдауын жасады
Алты мәрте "Алтын доп" иегері жаңа клубқа қатысты өз таңдауын жасады
141
оқылды
«Барселона» футбол клубынан кеткен аргентиналық футболшы Лео Месси жаңа клубқа қатысты өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
«Алты мәрте «Алтын доп» иегері болған аргентиналық шабуылшы Лионель Месси өз мансабын «ПСЖ» француз футбол клубында жалғастырады», - деп мәлім етті Marca басылымы.
Бейсенбі күні «Барселона» Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген еді. Испаниялық газеттің жазуынша, «ПСЖ» - Мессиді сатып алғысы келетін бәсекеге қабілетті жалғыз клуб. Англияның «Манчестер Ситиі» футболшы үшін күрестен бас тартқан.