Ақмолалық спортшы көмек сұрады
Ақмолалық спортшы көмек сұрады
91
оқылды

Спорт шебері Мирас Масабаев Ақмола облысы Талапкер ауылында бокс залын ашып, балаларды жаттық­тырмақ.   Бірақ бокс залын салуға ар­налған жер болғанымен, оны салуға қара­жат жоқ.

Сол үшін белгілі блогер Дәулет Мұқаев  халықтан көмектесуін сұрады. Блогердің айтуынша, бокс залының құрылысына 20 млн теңгедей қаражат қажет болуы мүмкін. Мирас Масабаевтың өтінішінен кейін блогер Дәулет Төлеутайұлы оқырмандарын бокс залын салуға қаражат жинап беруге шақырады. Спорт шеберінің осыған дейінгі ісімен танысқан ол көмектесуге бел байлайды. Өйткені Масабаев меценат, кәсіпкерлерге көмектесуін өтініп барғанымен, олар қаражаттың өздеріне қалай қайтарын сұраған. Әйтпесе, Талапкер ауылының тұрғынында спорт залын салатын жер бар. Содан бері Д.Төлеутайұлының оқырман­дары 1 млн теңгеден аса қаражат жинаған. Блогер өз қалтасынан тағы 1 миллион теңге аударған. Оның айтуынша, әзірге жиналған 2 миллионнан аса қаражат бокс залын салуға жетпейді. Құрылыс жұмысы, ішкі жұмысы мен жиһазына  20 миллион теңгедей қаражат қажет. Бірақ спорт шебері мен блогер мұнымен тоқтамай, құрылысты бастамақ ниетте.

       А.ЖАНАСЫЛ