Алматыда қыркүйек-мамыр аралығында картоп пен сәбіз қымбаттамайды
Алматыда қыркүйек-мамыр аралығында картоп пен сәбіз қымбаттамайды
Bagged potatoes, prepared for transport and sale
134
оқылды
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд. теңге ақша бөлінді. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқарма басшысының орынбасары Дамир Тазабек мәлімдеді, деп хабарлайды Informburo.kz басылымы. Ведомство өкілінің айтуынша, халық санының өсуіне байланысты өнім жетіспеушілігі болды. Сондай-ақ, бұған постпандемия кезінде логистиканың нашарлауы, кей елдің шекарасын жабуы және табиғи апаттар себеп.
"Азық-түлік бағасының қымбаттауы қазір барлық мемлекетте байқалып отыр десек болады. Бұл мәселе бойынша Алматы қаласында бағаны тұрақтандыру қоры жұмыс жасап жатыр. Оған 10 млрд. теңге көлемінде ақша бөлінген. Аталған қор барлық әлеуметтік маңызды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін оларды төмен бағада сатып алу мүмкіндігі жасалған", – деді Дамир Ақанғалиұлы.
Әрі қарай маман сәбіз бен картоп бағасының қымбаттауы мәселесіне тоқталды. Айтуынша, күзден бастап бұл көкөністердің бағасы үшін алаңдауға негіз жоқ.
"Бағдарлама аясында 22 мың тонна көкөністі форвардтық келісімшартпен сатып алдық. Бұл өнімдер 1 қыркүйектен 1 мамырға дейін төмендетілген бағамен сатылады. Magnum желісінде жыл соңына дейін 8 мың тонна, Toimart дүкендерінде 1 500 тонна өнім қарастырылған. Бұған қоса, негізгі өндірушілерде де қосымша өнім сақталып тұр. Алматы қаласының тұрғындары үшін жеткілікті. Басқармамыз негізінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тұрақтандыру саясатын жүргізеді. Жеңілдікпен несие беру, тікелей алып келген өнімдерді тікелей жәрмеңке арқылы сату сынды шараларды да ұйымдастырып отырамыз", – деді Дамир Тазабек.