“ПСЖ” Мессиге 50 млн. еуро жалақы ұсынбақ
“ПСЖ” Мессиге 50 млн. еуро жалақы ұсынбақ
Сурет: sport.informator.press сайтынан алынды
195
оқылды
«Пари Сен-Жермен» аргентиналық шабуылдаушы Лионель Мессиге ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынды. Бұл туралы журналист Никола Скира өзінің «твиттер» парақшасында жазды. Дереккөзінің хабарлауынша, париждіктер ұсынған келісімшарт мерзімі 2024 жылға дейін созылады және бір маусым үшін 50 миллион еуродан төленеді. Сондай-ақ, «ПСЖ» футболшылары Неймар мен Анхель Ди Марияның Мессиді өз клубына өтуге үгіттеп жатқаны айтылды. Еске салсақ, 5 тамыз күні «Барселона» Мессимен жасалған келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеген болатын. Бұл испан лигасындағы қаржылай және құрылымдық кедергілермен байланысты. Месси «Барселонаның» негізгі құрамында 2005 жылдан бері ойнап келеді. Оның католиндік клубпен келісімшарты маусым айының соңында тоқтады. Соңғы маусымда футболшы 35 матч өткізіп, 30 гол соқты.