Каратэші Данияр Юлдашев алғашқы бір ұпайын еншіледі
Каратэші Данияр Юлдашев алғашқы бір ұпайын еншіледі
Сурет: ҰОК
163
оқылды
Токио Олимпиадасында каратэден соңғы жарыс күні өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz Бүгін Қазақстан сапынан екі спортшы сынға түсуде. Олар – Софья Берульцева мен Данияр Юлдашев. Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсуде. Алғашқы кезеңде Данияр Юлдашев германиялық Йонатан Хорнемен кездесіп, 4:4 есебімен тең түсті. Осылайша, алғашқы бір ұпайын еншіледі. Келесі кездесуін Юлдашев жапониялық каратэшіге қарсы өткізеді.