Британ денсаулық сақтау қызметінің дәрігері Каран Радж тез ұйықтап, сергек ояну үшін не істеу керектігін айтты. Оның пікірінше, "10-3-2-1" формуласын қолдану қажет, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл әдіс ұйқыға дейін 10 сағат бұрын кофеин қосылған сусындардан бас тартуды қарастырады. Бұл затты ағзадан шығару үшін осынша уақыт қажет. Сондай-ақ ұйқыға жатар уақытқа үш сағат қалғанда тоя тамақтанудан бас тарту керек.
"Бұл қыжылды (изжога) болдырмауға және түнде оянып кетпеуге көмектеседі", — деді Радж.Сонымен қатар дәрігер "тез ұйықтауға" кедергі келтіретіндіктен алкоголь ішпеуге кеңес берді. Ұйықтар алдында екі сағат бұрын жұмысты тоқтатыңыз. Бұл бойды еркін ұстауға мүмкіндік береді", — деп толықтырды маман. Ұйықтардан бір сағат бұрын телефонды қою керек.