Каратэші Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді

Каратэші Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді

Каратэден ерлер арасында Токио Олимпиадасының топтық кезеңдері жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Olympic.kz.

75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді. Рютаро Арага (Жапония) арасындағы кездесу 4-2 есебімен қарсылас еншісіне шешілді. Айта кетерлігі, Данияр Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсуде.