Токио-2020: Қазақстан қоржынына сегізінші қола түсті
Токио-2020: Қазақстан қоржынына сегізінші қола түсті
Фото: Olympic.kz
116
оқылды
Каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.  61 келіден жоғары салмақта сынға түскен ол жартылай финалда египеттік Фериял Абделазизбен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Берульцева 4:5 есебімен жол берді. Осылайша, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Айта кетелік, бұл - Қазақстан құрамасы үшін Токио ойындарындағы сегізінші қола медаль.