Якутиядағы орман өртінің салдарынан Павлодар қаласы мен облыстың бірнеше ауданын түтін басты.
«Ресей Федерациясында Якутия аумағында 2 аптадан бері орман өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта тілсіз жау 1,5 млн. гектар жерді шарпып үлгерді. Өрт салдарынан облыстың бірнеше ауданын, оның ішінде Павлодар қаласын да түтін басты. Дегенмен, алаңдауға себеп жоқ және экологияның нашарлауына да салдарын тигізбейді. Жуырда түтін басылады», - деп хабарлайды ТЖД.РИА Новости ақпаратына сәйкес, Якутия аумағында табиғат өртінің 167 жағдайы тіркелген. Бір тәулікте жалпы ауданы 185 мың гектардан асатын 19 өрт ошағы сөндірілді.