Індет кезінде қиындыққа тап болған 30 отбасына көмектесті
Індет кезінде қиындыққа тап болған 30 отбасына көмектесті
«Nur Otan» партиясының  Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстық  және Шымкент қалалық филиалдарына әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 30 отбасы қазіргі індет жағдайында азық-түлік, дәрі-дәрмек алу қиындап бара жатқанын айтып, азық-түлік себетімен немесе материалдық көмек көрсету мүмкіндігін сұрады. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары елді жайлаған пандемия жағдайында, соның ішінде «қызыл» аймақта тұрған облыстар аумағындағы тұрғындардың  жағдайын ескере отырып, 30 отбасына азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетті. Көрсетілген қаржылай көмек – 700 мың теңге.  width=  width=