Токио Олимпиадасы: Қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты?
Токио Олимпиадасы: Қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты?
Фото: Sports.kz
Қазақстандық спортшылар Токиодағы Олимпиада ойындарында сегіз қола алды, – деп жазады vesti.kz. Елімізде жүлдегерлер мен чемпиондар бонустардың мөлшері мынадай: • алтын – 250 мың доллар, • күміс – 150 мың, • қола – 75 мың. Токиодағы жүлдегерлер: дзюдошы - Елдос Сметов, ауыр атлеттер - Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар - Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан - Нұрислам Санаев, сондай-ақ, каратэшілер - Дархан Асаділов пен Софья Берульцева. Осылайша, қазақстандық спортшылар әр қола медаль үшін 75 000 доллар алады. Сонымен қатар, Бибосынов пен Қоңқабаевқа Қазақстан Бокс федерациясынан 50 мың доллар көлемінде қосымша төлемдер қарастырылған. Сондай -ақ, теннисші Елена Рыбакина 2020 жылғы Олимпиадада төртінші орын үшін 30 000 доллар, ал Милад Карими (көркем гимнастика) – бесінші орын үшін 10 000 доллар алады. Жалпы, қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасында тапқан жүлде қорының жалпы көлемі 740 мың долларды құрайды.