Жүре алмайтын халге жеткен тұрғынның мүгедектікке шығуына көмектесті
Жүре алмайтын халге жеткен тұрғынның мүгедектікке шығуына көмектесті
178
оқылды
«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалына  Түлкібас кентінің тұрғыны Бахтыбай Ергешов атынан жұбайы келіп, жолдасын мүгедектікке шығару бойынша көмек сұрады. «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы қоғамдық қабылдауына келіп түскен Б.Ергешовтың  өтініші бойынша, төрағаның бірінші орынбасары Қ.Еркебаев №6 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы М.Нысанбаевпен хабарласып, өтініш иесінің үйіне барып, мән-жайды анықтап, мәселені оң шешуге ықпал етуді тапсырды. Бахтыбай Ергешов денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз болып, тұра алмайтын халге жеткені анықталды. Тиісті құжаттары тапсырылып, өтініш иесі I топ мүгедектігіне шығарылды.  Өтініш иесі көмек көрсеткен жандарға алғыс білдірді.