Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
124
оқылды
Қазақстанда жексенбі, 8 тамызда елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік пен солтүстік-шығыста нөсер жауын, бұршақ, дауыл болжанып отыр. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жел болжанып отыр. Қарағанды облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін барады. Нұр-Сұлтанда найзағай жарқырап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +25+27 градус, секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғады. Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, +32+34 градус ыстық болады. Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел күтілуде. Қызылорда мен Түркістан облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Шығыс Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, түнде және таңертең – тұман. Алматы облысында таулы аудандарда найзағай болжануда. Күндіз Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.