Елімізде коронавирустан тағы 122 адам қайтыс болды.
Соңғы мәлімет бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 918 адамның жағдайы ауыр, 405 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды. Оның 105-сі КВИ+, 17-сі КВИ-. Пациент өлімі елордада көп, қалада 20 адам қайтыс болған, Алматыда – 19, Шымкентте – 18 науқас көз жұмған.