Қоңқабаевтың жартылай финалдағы қарсыласын жеңіп, Олимпиадада «алтын» алған Өзбекстан боксшысы рингте көз жасына ерік берді
Қоңқабаевтың жартылай финалдағы қарсыласын жеңіп, Олимпиадада «алтын» алған Өзбекстан боксшысы рингте көз жасына ерік берді
Фото: kzsports
167
оқылды
Токио Олимпиадасында бокстан 91 келіден астам салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында финалдық жекпе-жек өтті, – деп хабарлайды  Sports.kz. Өзбекстан боксшысы Баходир Джалолов қазақстандық ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевтың жартылай финалындағы қарсыласы америкалық Ричард Торреспен "алтынға" таласты. Финалдық жекпе-жек Жалоловтың жеңісімен аяқталды — 5:0. Екінші раундта Торрес нокдаунға түсті. [caption id="attachment_155137" align="alignnone" width="591"] width= Фото:uz.sputniknews.ru[/caption] Осылайша, Баходир Жалолов мансабында тұңғыш рет Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ оның жетістіктерінің тізімінде 2019 жылғы әлем чемпионатының "алтыны" және Азия чемпионатындағы үш жеңіс (2017, 2019, 2021) бар. Ричард Торреске келетін болсақ, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының "күмісіне" дейін америкалықтың  үлкен жетістігі болмаған. Жастар арасындағы әлем чемпионатынан "қола" (2016) және Панамерикалық ойындардың "қола" (2015) жүлдесі бар. [caption id="attachment_155138" align="alignnone" width="1000"] width= Фото: kzsports[/caption]

Токио Олимпиадасында қола жүлдеге ұлыбританиялық Фрейзер Кларк пен Қазақстан боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев ие болды.