Токио Олимпиадасының жабылу салтанаты басталды
Токио Олимпиадасының жабылу салтанаты басталды
Фото: yandex.kz
125
оқылды
Бүгін Токио Олимпиадасының жабылуына арналған салтанатты іс-шара басталды. Жабылу салтанаты коронавирус пандемиясының қатаң шектеулеріне байланысты жанкүйерсіз өтті. Олимпиаданың ашылу салтанатына арнайы шақыртылған әлемнің 15 мемлекетінің және халықаралық ұйымдар басшыларын қоса есептегенде 950 құрметті қонақ қатысты. Жабылу салтанатында Жапонияның әнұраны орындалып, мемлекеттік туы жоғары көтеріледі. Спортшылар шеруін Грекия құрамасы бастап шықса, оны Жапония құрамасы қорытындылайды деп жоспарланған. Олимпиада жалауы алдағы Жазғы Олимпиада ойындарының өткізетін Францияға табыс етіледі. 2024 жылғы дүбірлі доданы Франция астанасы Париж қаласы қабылдайды. Олимпиада алауы сөндіріліп, екі аптадан астам уақытқа созылған айтулы іс-шара салтанатты түрде жабылады. Айта кетейік, Қазақстан спортшылары сегіз қола медаль алды. Медальдар кеcтесі бойынша командалық қорытынды есепте Қазақстан құрамасы 83-орында.