Токио Олимпиадасы ресми түрде жабылды
Токио Олимпиадасы ресми түрде жабылды
144
оқылды
Бүгін Токио Олимпиадасы ресми түрде жабылды. Салтанатты шараны коронавирус пандемиясының қатаң шектеулеріне байланысты жанкүйерлер тамашалай алған жоқ. Жабылу салтанатында Жапонияның әнұраны орындалып, мемлекеттік туы жоғары көтерілді. Спортшылар шеруін Грекия құрамасы бастап шықса, оны Жапония құрамасы қорытындылады.  width= Салтанатты шеру барысында еліміздің Туын бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев ұстап шықты. Дүбірлі додаға Қазақстан атынан 97 спортшы спорттың 28 түрінен бақ сынап, сегіз қола медаль алды. Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асаділов пен Софья Берульцева бар. Олимпиадаға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысты.