Белгілі әнші Димаш Құдайберген қазақстандық спортшылардың Токиодағы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуі туралы пікір білдірді.
«Жеңістеріңіз үшін үлкен рахмет, бауырлар! Елдің намысы үшін тырысып, еңбекпен әкелген қола жүлделеріңіз, мен үшін алтыннан кем емес! Алла қаласа, бұдан да үлкен шыңдарды бағындыруға нәсіп етсін!!!», – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасында 8 қола медаль жеңіп алды. Қола жүлдегерлер – дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер - Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар - Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан - Нұрислам Санаев және каратэшілер - Дархан Асаділов пен Софья Берульцева.