Токио Олимпиадасы: Қазақстан медальдар есебінде нешінші орын алды?
Токио Олимпиадасы: Қазақстан медальдар есебінде нешінші орын алды?
Фото: olympic.kz
269
оқылды
Бүгін, 8 тамызда Токиодағы Олимпиада ойындары аяқталды. Соңғы ойындар су добы бойынша өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ерлер арасында су добынан финалда Сербия Грекияны жеңіп, 2020 жылғы Олимпиада ойындарын аяқтады. Жалпы есепте бірінші орынды АҚШ құрамасы иеленді - 39 алтын жүлде. Екінші орында Қытай - 38 алтын жүлде, ал Жапония үздік үштікті жапты - 27 алтын жүлде. Қазақстан Токио Олимпиадасынан "алтын" да, "күміс" те ала алмады. Қоржынымызда тек сегіз қола медаль бар. Жалпы есепте Қазақстан 83-орынға тұрақтады. Бұл - ел тарихындағы ең нашар көрсеткіш. Бізді Фиджи, Сан-Марино, Намибия және басқа да шағын мемлекеттер басып озды. Токио Олимпиадасының толық нәтижесін мына сілтеме арқылы көре аласыз.