Павлодар облысында медбикеге тіл тигізген тұрғын қамауға алынды
Павлодар облысында медбикеге тіл тигізген тұрғын қамауға алынды
© azh.kz
125
оқылды
Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев мәлім етті.
«34 жастағы ер адам мас күйінде 22 жастағы медбикеге әдепсіз сөздер айтып, тіл тигізген. Медицина қызметкерін қорлай отырып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан», - деді Дәулет Молдабаев.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ертіс аудандық соты құқықбұзушылық жасағаны үшін ер адамды кінәлі деп танып, үш тәулікке әкімшілік қамауға алды. Сондай-ақ, Ертіс ауданының тағы бір тұрғынына 5 АЕК айыппұл салынды. 44 жастағы ер адам өзінің 58 жастағы жерлесін балағаттаған. Айта кетерлігі, жыл басынан бері осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін 741 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.