Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 140 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 140 адам қайтыс болды
© REUTERS / The Central Hospital of Wuhan
120
оқылды
Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 140 адам қайтыс болды, деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрлігі. 7 тамыз күні елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы және 28 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 135 адам емделіп шықты. 13 наурыздан бүгінге дейін: ауырғандар – 63 442, қайтыс болды – 3915, жазылып шықты – 55 723 адам. Сондай-ақ, министрліктің мәліметіне сәйкес, 7 тамызда Қазақстанда коронавирустан 112 адам көз жұмды.