Белгілі журналист Қалыбек Атжан коронавирустан қайтыс болды

Белгілі журналист Қалыбек Атжан коронавирустан қайтыс болды

Белгілі тележурналист Қалыбек Атжан коронавирустан қайтыс болды. 

"Ағоооу, тек аспанға қарап суретке түсуші едіңіз...мәңгілік аспанға ұшып кеткеніңіз қалай?
Сене алар емеспін. Ұстазым, қазақ телевизиясының қара нары Қалыбек Атжан көкемізді де мына індет алып кетті.  Өзіңіз жайлы өткен шақта жазудың өзі де қандай ауыр еді, шәкірттік парызымды өтей алмасам, кешіріңіз аға", -  деп жазды журналистің шәкірттерінің бірі Зарина Қуатова.
Қазақстанның құрметті журналисі Қалыбек Атжан 67 жасында өмірден озды.