ШҚО-да 4 жасөспірімді көлік қағып кетті
ШҚО-да 4 жасөспірімді көлік қағып кетті
© kyn.kz
5,169
оқылды
Өскеменде төрт жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Semey News.
Оқиға кеше түнде 19-ықшам ауданда, Есенберлин даңғылы бойындағы жарықтандырылмаған учаскеде болды. Зардап шеккен жаяу жүргіншілер туралы хабарлама сағат 22:00 шамасында түсті. Зардап шеккендердің үшеуі 2002 жылғы, біреуі 2001 жылғы. Олар түрлі дене жарақаттарымен 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
«Тексеру барысында анықталғандай, 18 жастағы Audi маркалы автокөліктің жүргізушісі Қазыбек би көшесі жақтан Есенберлин даңғылы бойымен келе жатып Өтепов көшесіне бұрылғанда 4 жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргізуші кінәсін мойындады, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды», – деп хабарлады Өскемен қалалық полиция бюасқармасының баспасөз қызметі.
ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. https://www.youtube.com/watch?v=zJQqRDJ9O0I&t=43s