Бір топ шоу-бизнес өкіліне ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін
Бір топ шоу-бизнес өкіліне ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін
208
оқылды

Алматыда бір топ шоу-бизнес өкілі карантин шектеуіне қарамастан кешке қатысты. Онда танымал фаст-фуд брендінің презентациясы өткен. Orda.kz хабарлауынша, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин шектеуінің бұзылғанын растады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов мониторингтік топ заңбұзушылықты анықтағанын, компания өкілдерінен түсініктеме алынғанын айтты. Хаттама жасалды, материалдар Медеу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне беріледі. "Бұл факті бойынша әкімшілік іс қозғалады және материалдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылады. Егер заңды тұлға болса, онда айыппұл 230 АЕК (670 910 теңге), егер жеке тұлға 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынады", – деді Байғабұлов Orda.kz сайтына. Порталдың мәліметінше, оған режиссер Ақан Сатаев, продюсер Жан Мұқанов, әнші Луина, Лидия Досалина, Тамара Асар мен Айдана Меденова, продюсер Әлішер Нұржанов, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева да қатысқан. Сондай-ақ, кадрға актер Санжар Мәди, X Factor продюсері Ләззат Биғали, «Қазақконцерт» ГКО шығармашылық қызметінің жетекшісі Әсел Керім түсіп қалған. Іс-шараға орындаушылар Айбек Жансейітов (Беркут ретінде белгілі) пен Айша, сонымен қатар жүргізушілер мен шоумендер Мұхамед Жанов пен Кирилл Мейстер және басқа да танымал азаматтар қатыстқан. [caption id="attachment_155282" align="aligncenter" width="507"]шоу-бизнес Скриншот: orda.kz[/caption] Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, рұқсат етілмеген шараға қатысқан азаматтар үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Айта кетейік, Алматыдағы эпидемиология жағдайының нашарлауына байланысты карантин шектеуі күшейтілді. Сенбі және жексенбі күндері 2-16 тамыз аралығында Ashyq қондырған меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысына тыйым салынады. Алматының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, стационарлардың 73,1%-ы толық. Журналист Серікжан Мәулетбайдың айтуынша, карантин шектеулері коронавирус жұқтырушылар санын азайтып, азаматтардың байланысын мейлінше қысқарту. "Бірақ шектеулер қойылғанмен әкім Бақытжан Сағынтаев та, санитар дәрігер Жандарбек Бекшин де қадағаламайды. Халық та билік сияқты ешқандай шектеуге құлақ аспайды, әлеуметтік қашықты сақтамай, бетпердесіз жүр. Танымал адамдар тойлардан сурет, "сториз" салады. Бірақ мұның бәріне заң бойынша тыйым салынған", - деп жазды журналист желідегі парақшасында.