Алматыда Олимпиаданың қола жүлдегеріне көлік сыйға тартылды
Алматыда Олимпиаданың қола жүлдегеріне көлік сыйға тартылды
©https://www.inform.kz/
158
оқылды

Олимпиадада еркін күрестен қола жүлдені жеңіп алған Нұрислам Санаевқа жаңа көлік сыйға тартылды.

Нұрислам Санаевқа BMW маркалы көлігінің кілті Алматы әуежайында табысталды. Спортшыны жақындары, таныстары және достары қарсы алды.

"Олимпиадада жүлдегерлер қатарына енгеніме қуаныштымын. Бұл әр спортшы үшін қуанышты жағдай", - дейді балуан. Ал енді ол алдағы жоспары туралы ештеңе айта алмайтынын, алайда дайындықты тоқтатпайтынын атап өтті. 

Нұрислам Санаев Ресейде дүниеге келген. Қазақстанға ауысқан соң ол есімін өзгертіп (алғашқы аты Артас), ислам дінін қабылдаған. Сонымен қатар 9 тамыз күні елімізге Токиодағы Олимпиада ойындарында сынға түскен қазақстандық өзге де спортшылар оралды.